Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ге жетті

636

Түркияның оңтүстік-шығысында Кахраманмараш провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды.  

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ге жетті Фото: Qaz365.kz

Оңтүстік-Шығыс провинциялардағы жер сілкінісі 76 адамның өмірін қиды, 440 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz TRT Төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сілтеме жасап. 

Жергілікті шенеуніктерге сілтеме жасаған Associated Press агенттігінің хабарлауынша, кем дегенде 100 адам қайтыс болды. 

Сейсмологтар бұл Түркиядағы соңғы уақыттағы ең жойқын жер сілкіністерінің бірі болуы мүмкін екенін атап өтті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің мәліметінше, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) 7 шақырым тереңдікте болғанын еске саламыз. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада және Сириялық Алеппода сезілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу