Президент тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның жаңа нұсқасына қол қойды

1003

Құжат Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тұтынушыларды қорғаудың аралас моделіне негізделе отырып әзірленген. 

Президент тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның жаңа нұсқасына қол қойды

Парламент қабырғасында қызу талқыланып келген құжатта бірқатар өзгерістер бар, деп хабарлайды Atameken Business.

Атап айтсақ, енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататындарға өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің бағасынан 15%-дан артық үстеме қоюына шектеу енгізілді. Талаптар бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл норма азық-түліктің негізсіз қымбаттауын тежеуге мүмкіндік береді. Ал, бірінші қажеттілік тауарлардың қатырна заң бойынша ұн, жарма, жұмыртқа, күнбағыс майы, тұз және басқа да 19 өнім түрі енген.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жалпы құжат Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тұтынушыларды қорғаудың аралас моделіне негізделе отырып әзірленген. Заң шағымдарды қараудың үш сатылы жүйесін енгізуді көздейді. Біріншісі – сатушының шағымды өз бетінше немесе дауларды сотқа дейін реттеу институттары арқылы қарауы. Екіншісі – шағымды Уәкілетті органға жіберу. Ал соңғысы сотқа шағым беру. Министрдің айтуынша, бұл норма ерекше даулы жағдайларда ғана қолданылуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу