Президент түзету мекемесіндегі оқиғаға қатысты тергеу жүргізуді тапсырды

916

Заречное ауылындағы түзету мекемесінде азаптау фактілері тіркелді.

Президент түзету мекемесіндегі оқиғаға қатысты тергеу жүргізуді тапсырды

"Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, өткен аптада Алматы облысының Заречный кентіндегі колонияда қызметкерлер сотталғандарды қалай азаптағаны жайлы жасырын камералар арқылы түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу