Президент: Үкімет Атырауға дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі

732

Аймаққа Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия барып қайтты

Президент: Үкімет Атырауға дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі

"Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде.

Айта кетсек, Атырау облысы өңірлер арасында коронавирус жұқтырғандар саны жағынан алғашқы орында тұр. Осыған байланысты Атырау облысына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың бастауымен үкіметтік комиссия барып, аймақта дертті жою мақсатында атқарылып отырған іс-шаралар талқыланды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу