Президент ұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты

1183

"Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады",– дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты

"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін таңғы сағат 7.22-де  Алматы–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан "Бэк Эйр" әуе компаниясының №Z2100 рейсі әуеге көтеріле бере биіктікті сақтай алмай, бетон қоршауды бұзып өтіп, қос қабатты құрылысқа соғылған. Алдын ала ақпараттар бойынша, қаза болғандар саны 9-ға жеткен.

Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылған, оған Премьер-министрдің өзі төрағалық етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу