Президент үстел теннисі орталығын аралады

1721

Спорт кешені Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келеді.  

Президент үстел теннисі орталығын аралады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жаңа үстел теннисі орталығына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Президентке спорт кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшы қызбен теннис ойнады. Кейін Мемлекет басшысы жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба жазып берді.

Заманауи орталықта жарыс өткізетін 12  және жаттығу жасайтын 24 үстел бар. Зал үстел теннисіне қажет 6 автоматты тренажермен, кәсіби бейне және аудио құрылғылармен, көрермендерге арналған 328 орындық трибунамен жабдықталған.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу