"Алдымен баршаңызды әз Наурызбен құттықтаймын. Бұл ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін ұлық мереке. Күн мен түн теңеліп, күллі табиғат қайта жаңаратын әз Наурызды қарсы алуға бабаларымыз ерекше мән берген. Жыл басын Ұлыстың ұлы күн деп ардақтаған. Әз Наурыз – береке-бірліктің, жаңашылдықтың, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы", – деді Президент.
Мемлекет басшысы Наурызды ресми түрде мерекелеу Алматыдан басталғанын атап өтті.
"Бүгін мен Ұлыстың ұлы күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келдім. Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы – қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Зиялы қауым, өнер, білім, ғылым, бизнес саласының өкілдері осында шоғырланған", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ ол алдағы уақытта атқарылар жұмыс көп екенін айтты.
"Бір ел, бір халық болып, жаңа Қазақстанды бірге құрайық. Алдымызда тұрған ауқымды міндеттер, көп жұмыс бар. Сондықтан бәріміз бірге, бір ел болып, осы міндетті атқарайық. Құрметті жастар, бірге болайық, бірге жұмыла еңбек етейік. Тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміз, Қазақстанымыз жасай берсін, мәңгі болсын. Әз Наурыз құтты болсын. Баршаңызға амандық тілеймін, бақытты болыңыздар", – деп түйіндеді сөзін Президент.
Дәурен Ерболат