Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегері Алан Құрманғалиевті құттықтады

473

Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.

Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегері Алан Құрманғалиевті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу