Президент: Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз

911

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы 6 млн адамға екпе салу  жоспарланған. 

Президент: Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз

Мемлекет басшысы екпе егуді коронвирусты жеңудің жалғыз жолы деп біледі. Бұл пікірін Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік. Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын",– деп жазды Тоқаев. 

Айта кетсек, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу 1 ақпанда басталды. Бірінші кезеңде ресейлік "Спутник V" екпесі сатып алынды, кейінірек Қарағанды фармацевтика кешені базасында өндіріле бастады. Сәуір айынан отандық "QazCovid-in" вакцинасы өндірілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу