Президент: Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі

841

Бүгін Қызылорда-Құмкөл тас жолында автобус аударылып, 8 адам қаза болды.  

Президент: Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі

"Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуға тиіс",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін таңға қарай Қызылорда облысында ірі жол апаты орын алды. Алдын ала ақпараттарға сүйенсек, жүргізуші көктайғақта рөлге ие бола алмай қалып, автобус аударылған.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахмановтың хабарлауынша, қаза тапқандардың саны 8-ге жеткен, ал 21 адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің бәрі Қазақстан азаматы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу