Ұсыныс иесі – Оңтүстік Каролина өкілі Джо Уилсон, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, АҚШ президентінің суреті бар 250 долларлық купюра айналымға енуі мүмкін.
– Байденфляция экономиканы жойып, америкалық отбасыларды көбірек қолма-қол ақшамен жүруге мәжбүр етті, – деп түсіндірді ұсыныс авторы өз бастамасын.
Бұған дейін кейбір конгресмендер Дональд Трамптың туған күнін ұлттық мереке деп жариялап, оған үшінші рет президенттік сайлауға түсуге рұқсат беруді ұсынған-ды.
Уилсон бұл банкнотта Трамптың портреті бейнеленуінің себебі ретінде "ең қымбат банкнот – ең құнды президент үшін" деген қағиданы алға тартып отыр.
Дегенімен, конгрессменнің ұсынысы заңсыз саналады. Себебі, 1866 жылы АҚШ Конгресі қабылдаған заңға сәйкес, ақшалар мен тиындарға тірі адамдардың суретін салуға тыйым салынған. Трамптың жақтастары осы уақытта Конгресстің екі палатасында да көп, сондықтан бұл ережеге көз жұма қарау аса бір қиын шаруа емес.
Бүгінде АҚШ-та қолданылып жүрген ең үлкен купюра – 100 доллар. Елде бұрын 10 000 және 100 000 долларлық банкноттар шығарылған болатын. Олар қазір іс жүзінде жойылған, бірақ банкаралық операциялар үшін немесе инкассация мақсатында сақталды.
Кеше Трамптың атын әуежайға да, түрмеге де беру ұсынысы айтылған еді.