Пригожиннің ұшағында қаза тапқан стюардесса Қазақстанда жерленді

1701

Ол Рудный қаласында жер қойнына тапсырылды.

Пригожиннің ұшағында қаза тапқан стюардесса Қазақстанда жерленді Фото: Facebook

30 тамызда Рудныйда "Вагнер" жалдамалы жасағының басшысы Евгений Пригожиннің бизнес ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан стюардесса Кристина Распопованың денесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Марқұмның анасы Қазақстанда тұрады. Бұл ақпаратты "Агенттік" Telegram арнасының жазды.

Марқұмның әпкесі Елена Абраменкова Распопованың жеке басын растау үшін ағасы ДНК сараптамасын тапсырғанын айтты.

Кристина Распопова – Челябі облысы, Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі.

Қайғылы жағдайдан сәл бұрын қыз туыстарына рейстің кешігіп жатқанын айтып, шағымданған.

Еске салайық, 23 тамыз күні кешке Тверь облысында Embraer Legacy ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінде Евгений Пригожин де болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу