Приозерскіде сарбаз оққа ұшты

905

Қарағанды облысы Приозерк қаласындағы Ресей әскери бөлімінде келісім шартпен қызмет етіп жүрген 29 жастағы сарбаз қаза тапты.  

Приозерскіде сарбаз оққа ұшты

Приозерскі қаласындағы Ресей әскери бөлімінде төтенше оқиға тіркелді. Ресей Федерациясының 03080 әскери бөлімінде келісім шарт негізінде жүрген әскери қызметкер Николай Попов осы бөлімнің офицерінің атқан оғынан мерт болған. 7 ақпанда Сарышағандағы әскери сынақ алаңында қайғылы оқиға болған. Әскери бөлім тарапынан қандай да бір мәлімдеме жасалған жоқ. Ал Қарағанды облысының құқық қорғау органдары бұл әскери бөлімнің  Ресейге тиесілі екенін айтып, ақпарат таратпады. Дегенмен Николой Поповты қасақана өлтірді ма, әлде жазатайым оқыс оқиға болды ма, бұл жағын анықтауға тергеу кіріскен. Марқұмның туған әпкесі Ольга Попова әлеуметтік желі арқылы әскери қызметкердің жесірі үшін материалдық көмекті жинап жатқанын мәлімдеген.

Айта кету керек , қаза болған әскери қызметкердің өзі Ресей азаматы. Оның артында әйелі және екі баласы қалған.
Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу