"Алматы облысының прокуратурасы Талғар қаласында 1 200 орындық мектеп құрылысының сапасын бақылауға алды. Құны 3,1 миллиард теңге болатын мектептің құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталған. Қазіргі уақытта шатырдың сапасы, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру бойынша ақаулар анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін тексеруге уәкілетті органдардың мамандары тартылды", – деп жазылған облыстық прокуратураның хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Талғарлықтардың 3 млрд теңге жұмсалған мектептің сапасына наразы екендігін жазған болатынбыз.
Фото: kris_p_talgar