Прокурорлар суды рұқсатсыз пайдаланған көлік жуу орталығы, моншалар мен бассейндерді анықтады

1697

300-ден астам көлік жуу, монша мен бассейндер су пайдалануға арнайы рұқсатсыз жұмыс істеген.  

Прокурорлар суды рұқсатсыз пайдаланған көлік жуу орталығы, моншалар мен бассейндерді анықтады Фото: canva.com

Жағдайды түзету және жіберілген заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Жуырда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде шағын және орта бизнес объектілерінде таза судың нақты қолданылуын ескеріп, су ресурстарын қайталама пайдалану технологияларын енгізу қажеттігін айтты.

"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны шамамен 5 миллион бірлікті құрады. Орташа алғанда өзіне-өзі қызмет көрсететін орындарда бір машинаны жууға арналған су шығыны шамамен 200-250 литрді құрайды. Жүк машиналары мен автобустарға келгенде су шығындары 500-700 литрге дейін артады. Бұл жылдық мәнде шамамен 100 миллион текше метр суды құрайды. Ал монша кешендерінің суды тұтынуы жылына шамамен 120 миллион текше метрді құрайды", - деді Н.Молдиярұлы.

Өкінішке қарай министр атап өткен мәселе еліміздің барлық аймағына тән. Мәселен Жамбыл облысында 300-ден астам көлік жуу, монша кешені мен бассейндер су пайдалануға арнайы рұқсатсыз жұмыс істеген. Облыс прокурорлары кейбір көлік жуу орындарының ауызсуды пайдаланып жүргенін анықтаған.

Су көлемінің жыл сайын өсіп келе жатқан тапшылығы және мемлекеттің су тұтынудың тиімділігін арттыру бойынша жүргізіп жатқан саясаты аясында өмірлік маңызды тіршілік көзіне немқұрайды және жауапсыздықпен қарауға жол беруге болмады. Нәтижесінде жыл сайын облыс бюджетіне пайдалы қазбаларды өндіргені үшін көптеген миллион салық сомалары түспеген.

Бұл бұзушылықтар прокурорлардың бастамасы бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының, уәкілетті органдардың және су саласының сарапшыларының қатысуымен облыс прокуратурасы жанындағы сараптамалық кеңесте қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу