PSA Group және GEFCO компаниялары 8 миллиард еуро болатын келісімшартқа отырды

1103

PSA Group және GEFCO компаниялары  8 миллиард еуро болатын келісімшартқа отырды

PSA және GEFCO компаниялары құны 8 миллиард еуро тұратын жаңа ерекше құқыққа ие болу туралы келісімге қол қойды және осы келісім бойынша GEFCO компаниясы автокөлік жасаушы компанияның бүкіл әлемдік өндірістік жеткізілімдер жүйесін басқарады және оңтайландырады. Бес жылдық келісім 2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Келісім бойынша GEFCO компаниясы PSA Group компаниясының Peugeot, Citroën және DS секілді үш бренді үшін бүкіләлемдік біртұтас логистикалық және көліктік шешімдерді жасап шығарып, жүзеге асырады. Ол құрастыру зауыттары мен өндіріске қажетті бөлшектерді қамтамасыз етуден бастап дайын көлікті таратуға дейінгі толық жеткізілімдер тізбегін басқаратын және оңтайландыратын болады. Сыртқы және ішкі логистикалық қызметтермен қатар, GEFCO компаниясы қосалқы бөлшектерді де таратуға жауапты болмақ.

4PL провайдері ретінде GEFCO компаниясы кешенді шешім жасау үшін темір жол, көлік тасымалы, теңіз, әуе және ішкі кеме тасымалынан тұратын оңтайландырылған аралас процестерді орындауда PSA Grouр компаниясының жеке дара серіктесі болады. Ол сонымен қатар тендерді ұтып алып, жеткізілім жүйесіне қатысатын жеткізушілерді басқаруға да жауапты болады. Оның басты рөлі нақты уақытта бақылау үшін және жеткізу, сақтау және тарату жүйесінің үздіксіз өзара байланысын қамтамасыз ету үшін, тиімділігі жоғары АТ және деректерді басқару жүйелерін біріктіріп, жетілдірілген логистикалық инженерлік мүмкіндіктерін қолданатын болады.
"Келісім PSA Group компаниясындағы жетілдірілген тиімді жұмыстың қуатты қозғалтқышы болмақ. Біз күрделі өзгеріске бет бұрып, жаңа бизнес мүмкіндіктерді қарастырып, халықаралық деңгейде дамып жатқандықтан, GEFCO компаниясының бізбен серіктес болатынына сенімдіміз", –  деді компанияның сатып алулар бойынша атқарушы вице-президенті Яник Безар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу