Путин мен Байден сөйлескеннен кейін мұнай қымбаттады

800

Қазір Brent 64,05 долларға саудаланып жатыр.  

Путин мен Байден сөйлескеннен кейін мұнай қымбаттады

Лондондағы ICE биржасында Brent сұрыпты мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің бағасы 1,22%-ға өсіп,  64,05 доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сауда алаңының мәліметіне сілтеме жасап.

WTI сұрыпты мұнай құны 0,62%-ға қымбаттап, бір баррелі 60,07 долларға саудаланып жатыр. 

Brent бағасы Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің телефон арқылы сөйлесуінен кейін көтерілді. Қос тарап кездесу мүмкіндігі мен жаһандық тұрақтылық мәселесін талқылады.

Тағы бір жайт, ОПЕК 13 мұнайға деген сұраныстың өсуі бойынша болжамды 6 млн баррельге дейін көтерді.Бұл фактор да шикізат нарығына оң әсерін тигізді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу