Путин Шойгуды қорғаныс министрі қызметінен босатты

247

Ол бұл қызметті 2012 жылдан бері атқарды. 

Путин Шойгуды қорғаныс министрі қызметінен босатты Фото: газета.ру

Владимир Путин Сергей Шойгуды Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

ТАСС-тың жазуынша, Ресей президенті Николай Патрушевті Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатқан.

Сергей Кужугетович Шойгу 1955 жылы 21 мамырда Тува АКСР Чадан қаласында (қазіргі Ресей Федерациясы, Тыва Республикасы) дүниеге келген.

1977 жылы Красноярск политехникалық институтын (қазіргі Сібір федералды университетінің құрамында) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі қызметіне бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды. Бұған дейін қорғаныс министрі қызметін атқарып келген Сергей Шойгу Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болады. Бұрын бұл қызметте Николай Патрушев болған. Бұған қоса, Шойгу Путиннің әскери-өнеркәсіптік кешен комиссиясында төраға орынбасары қызметін атқармақ.

Айта кетейік, Ресейде күштік құрылымдардың жетекшілері мен сыртқы істер министрі қызметіне кандидаттарды үкімет емес, президент ұсынады. Ал оларды федерация кеңесі мақұлдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу