Путиннің немере ағасы қайтыс болды - БАҚ

639

Евгений Путин 92 жасында қайтыс болды. Марқұм өткен жексенбіде Иваново қаласында жерленген.  

Путиннің немере ағасы қайтыс болды - БАҚ Фото: РБК

Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ivanovonews порталына сілтеме жасап.

Путиннің немере ағасы ұзақ уақыт Ивановода тұрып, дәрігер болып жұмыс істеген. Ол 1970-1990 жылдар аралығында жетекші уролог ретінде танымал болды. Кейінірек ол Суздальдағы ұлына көшті.

Басылым атап өткендей, Евгений Путин Ресей президентінің немере ағасы. Олардың әкелері Владимир Спиридонович пен Михаил Спиридонович ағайынды еді.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Евгений Путиннің ұлы Михаил "Газпром" басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Евгений Путиннің қызы Анна Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилевтің әйелі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу