Өңірде кеше "Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы" атты ауқымды мерекелік іс-шара өткен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Станция басшылығының Lada.kz-ке берген мәліметі бойынша, шақыртулардың басым бөлігі – есінен тану жағдайы. Сондай-ақ, бір адам пышақ жарақатымен түссе, тағы біреуіне инсульт белгілері себеп болған.
Ал бір тұрғын жүрек ритмінің бұзылуына байланысты ауруханаға жеткізілген.
– Біздің қызметкерлер алғашқы диагноз қойып, науқастарды ауруханаға жеткізді, – деді медициналық мекеме ресми хабарламасында.
Тексеру нәтижесінде пышақ жарақатынан зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетіліп, амбулаториялық емделуге үйіне жіберілген. Ал инсультке күдікпен жеткізілген науқасқа "нейроциркуляторлық дистония" диагнозы қойылды. Ол да ем-домын үйінде жалғастырады.
Еске салайық, Ақтаудағы мерекелік іс-шараға 100 мыңнан астам адам қатысқан. Аспанды 600 дрон жарық шоуымен көмкеріп, әсемдік сыйлаған еді. Көпшілік асыға күткен өнерпаздың бірі Димаш Құдайберген болды.
Бұған дейін Ақтауда 100-ден аса баланың жоғалып кеткенін жазған едік.