Qazaq Bank-тің экс-акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты іс тоқтатылды

147

Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған деген қорытындыға келді.

Qazaq Bank-тің экс-акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты іс тоқтатылды Фото: inbusiness.kz

Qazaq Bank-тің экс-акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, Алмалы ауданының полиция басқармасы осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. 

"Сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы (іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан) негізінде тоқтатылды. Тиісті шешімді Алмалы ауданының прокуратурасы бекітті", – делінген полиция хабарламасында.

Айта кету керек, осыған дейін Qazaq Вank бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим көз жұмғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу