2019 жылдың 15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында Qazaq Kurеsi-нен Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды
Ұйымдастырушылары – Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы. Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б. бар.
Балуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесетін болады.
Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз елімізден 12 төреші төрелік етеді.
Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында төрешілер құрамында алғаш рет әйел адам да болмақ.
Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы –Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы тағайындалды.