QazTrade экспорттаушылардың шығындарын өтеу бойынша өтінім қабылдауды бастады

1016

QazTrade бүгіннен бастап қазақстандық экспорттаушылардың шығындарын өтеу бойынша өтінімдер қабылдауды бастады. Қазақстандық тауар өндірушілер Сауда және интеграция министрлігінің операторына export.gov.kz веб-порталы арқылы жүгіне алады, деп хабарлайды Atameken Business.

QazTrade экспорттаушылардың шығындарын өтеу бойынша өтінім қабылдауды бастады

Экспорттаушылар шетелде тауарларды жарнамалауға, көрмелерге, жәрмеңкелер мен конкурстарға қатысумен байланысты шығындарының бір бөлігін қайтарып ала алады. Сондай-ақ отандық тауарды жеткізумен байланысты шығындары да өтеледі. Мемлекеттік қолдау қарастырылған шығын түрлері мен өтемақы алу тәртібі оператордың ресми сайтында жарияланған.

Айта кету керек, өткен жылы қазақстандық кәсіпорындардан өтемақы алу бойынша бір мыңнан астам өтінім келіп, 487-і мақұлданды. Олардың 51-і отандық өнімді жарнамалаумен байланысты болса, 442-сі тасымалдау бойынша шығындар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу