Qnet қаржы пирамидасы: Алматыда тағы бір күдікті ұсталды

788

Қаржылық мониторинг агенттігі отандастарымызды ақшаны күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырып отыр.      

Qnet қаржы пирамидасы: Алматыда тағы бір күдікті ұсталды Фото: zakon.kz

Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Күдікті азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарнасын басқа қатысушыларға беріп отырған. Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты 2 айға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Айта кету керек, "Qnet" қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылған. Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ, оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпараттар жарияланбайды.

Егер сіз және жақындарыңыз Qnet қаржы пирамидасының қызметінен зардап шексе, агенттіктің 1424 call-орталығына хабарласа аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу