"Qnet" қаржы пирамидасын құрған азаматқа сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

595

Ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оның қызметіне 38 тұлғаны қатыстырған, келтірілген залал көлемі 46 млн теңге. 

"Qnet" қаржы пирамидасын құрған азаматқа сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде Фото: Inbusiness.kz

"Qnet" қаржы пирамидасын Қызылорда облысы аумағында құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соттың санкциясына сәйкес, ол "күзетпен ұстау" түріндегі шарамен 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу