Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты тергеу басталды

802

Ұйымдастырушылар 8,5 миллион теңге көлеміндегі қылмыстық кірістің бір бөлігін банктегі депозиттік шоттарға салып, ол бойынша сыйақы түрінде қосымша табыс алған.

Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты тергеу басталды

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар салымшыларды тарту үшін "жалған саяхатшының картасы шотына 2000 АҚШ долларын салуды және оның орнына 6900 АҚШ долларын алуды" ұсынған. Бұл ақша шетелдік қонақүйлердегі қызмет құнының 80 пайызын төлеуге жұмсалады деп сендірген.

"Ақша болмаған жағдайда 5 смарт-сағат сатып алуға онлайн несие беру ұсынылды. Іс жүзінде салымшылар смарт сағаттарды алмаған, олардың орнына "Qnet Mobile" қосымшасындағы ойдан шығарылған шотына "Экардтар" түсіп отырған. Оларды жолаушы картасын сатып алғанда пайдалануға болады", – деп жазылған хабарламада.

Агенттік қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады: "ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу