Референдум өткізуге 16,4 млрд теңге кетеді

623

Конституциядағы өзгерістерді қабылдауға арналған референдумға мемлекет қанша қаражат жұмсайтыны белгілі болды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Референдум өткізуге 16,4 млрд теңге кетеді

"Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есебп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Ақша республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, референдум 5 маусымда болады. Бұған дейін оны өткізу жоспары бекітілген болатын. 

"Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімімен танысу 20 мамырдан бастап көзделген. Әрбір азамат өз учаскесіне келіп, свок-ты тексере алады. Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды дауыс беру күніне дейін кемінде 10 күн бұрын хабардар етеді. Яғни 16 мамырда комиссиялар шығып, 25 мамырға дейін дауыс беру орны, уақыты және күні туралы ақпарат береді", – деген еді Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу