Рейстерді кешіктіргені үшін "Эйр Астана" әуекомпаниясына айыппұл салынды

862

Салынған айыппұл көлемі 3 млн теңгеден асады.

Рейстерді кешіктіргені үшін "Эйр Астана" әуекомпаниясына айыппұл салынды

Жолаушылардан рейстердің кешігуіне байланысты шағымдар көбейген. Осының негізінде комитет тексеру жұмыстарын жүргізген.

"16 шілдеге жоспарланған Алматы - Мале рейсінің ұзақ кешігуіне байланысты жедел түрде екі күн ішінде тергеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша осы рейстің жолаушылары 15 сағаттан артық ұшуды күткендігі анықталды. Рейсті күту кезінде жолаушыларға "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" ҚР Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісті түрде ұсынылмаған. Осыған орай 2022 жылғы 21 шілдеде авиакомпанияға қатысты әкімшілік іс қозғалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (1 АЕК = 3 063 тг) мөлшерінде айыппұл салынды)", – деп жазылған Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін комитетке барлығы 150-ге жуық өтініш келіп түсіпті. Олардың әрқайсысы бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген тиісті іс шаралар қабылданатын болады.

Егер рейстер кешіктірілсе, әуекомпания жолаушыларға жағдай жасауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу