Рэпер Navai-дің ұсталуы: СІМ Ресейдің нотасына байланысты пікір білдірді

324

Нотаның жолдануы қалыптасқан тәжірибе екені белгілі болды.

Рэпер Navai-дің ұсталуы: СІМ Ресейдің нотасына байланысты пікір білдірді Фото: Риа Новости

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапының рэпер Navai-дің қамауға алынуына байланысты жолдаған нотасына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне рэпер Navai-дің ұсталуының мән-жайын түсіндіруді сұрап, нота жолдаған. Бұл туралы РИА Новости агенттігі дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды. 

"Бұл жергілікті билікке мән-жайды анықтауды өтiнiп, Ресей Федерациясының азаматы қазір қайда екенін, қандай жағдайда ұсталып отырғанын және басқа да сұрақтарға жауап беруді сұраудың, сондай-ақ қажет болған жағдайда оған консулдық қолжетімділікті талап етудің ресми тәсілі болғандықтан, нота жолдадық", – деп хабарлады Бас консулдық.

Қазақстан СІМ осыған байланысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, Ресей тарапынан ұсталған Ресей азаматтары және олардың орналасқан жері туралы ақпарат беруді сұраған нота түсті. Ведомствоның хабарлауынша, бұл – консулдық қызмет аясындағы стандартты тәжірибе. СІМ тиісті сұрауды еліміздің құқық қорғау органдарына жолдайтынын мәлімдеді.

Айта кету керек, бұған дейін рэпер NAVAI Қазақстан шекарасында есірткіге қатысты күдікпен ұсталғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу