Ресей 2 жылдан кейін вейпке тыйым салуы мүмкін

1081

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, егер де вейп тартудың өлімге әкеліп соғатыны дәлелденсе, тыйым күшіне енеді. 

Ресей 2 жылдан кейін вейпке тыйым салуы мүмкін

Бұған дейін АҚШ-та вейптен қаза тапқандар саны 18-ге жеткені жарияланған еді. Қазір Құрама Штаттарды вейп мәселесі қатты алаңдатып отыр. Өйткені бұл шылым түрін тартатын жасөспірімдер қатары күн санап өсуде. Бүгінгі күнге дейін 1000-нан астам вейп тартушы тыныс алу жолдарындағы проблемалары туралы шағымданып, дәрігерге жүгінген. АҚШ-тың ауруларды қадағалау және алдын алу орталығының мәліметінше, денсаулығының нашарлауына шағымданғандардың көбісі құрамында марихуана бар вейпті "қара нарықтан" сатып алған. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Түркия билігі электронды темекіге тыйым салуды қолға алды. Қазір бұл елде вейп саудасы мен импортын шектеуге қатысты заң жобасы дайындалып жатыр. 

Электронды темекіге бүгінгі күнге дейін 27 мемлекетте тыйым салынған. Олардың қатарында Аргентина, Австралия, Бразилия, Колумбия, Мексика, Панама, Уругвай, Бельгия, Дания, Норвегия және Израиль бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу