Ресей әлі де Өскемен мен Семейдегі ЖЭО-лардың құрылысына қатыса алады

152

Құрылыс жұмыстары 2029 жылдың екінші жартысында аяқталуы тиіс. 

Ресей әлі де Өскемен мен Семейдегі ЖЭО-лардың құрылысына қатыса алады Фото: Өскемен ЖЭО

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Өскемен мен Семейдегі ЖЭО құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Самұрық-Энерго" энергетикалық нысандардың құрылысының дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай, қаржыландыру мәселесі әзір шешілмепті. 

"Қазір біз әртүрлі қаржыландыру көздерін қарастырып жатырмыз. Оның ішінде өзіміздің қаражат та, сондай-ақ ресейлік тарап ұсынған, үкіметаралық келісім аясында қарастырылған қаржыландыру да бар. Қазір ресейлік тараппен қаржыландырудың соңғы шарттарын талқылап жатырмыз. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, қаржы көзі қандай болатыны белгісіз", – деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәлихатында.

Қайрат Мақсұтовтың сөзінше, қаржыландыру көзі анықталғаннан кейін компания әлеуетті мердігерлерді таңдау процесіне көшеді. Компания басшысы мердігер ретінде Ресей компаниялары да қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

ЖЭО құрылыстары 2029 жылдың екінші жартысында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Айта кету керек, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей салуы тиіс болған 3 жылу электр орталығына қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз. Ресей еліміздің үш қаласында ЖЭО салатынын туралы айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу