Ресей Орталық банкі 2019 жылдың 1 тоқсанында сатып алынған алтын саны бойынша бірінші орында тұр. Бұл АҚШ долларына тәуелділікті азайту үшін жасалған әрекеттердің нәтижесі, деп хабарлайды 24.kz.
Алтын бойынша Дүниежүзілік кеңес (WGC) мәліметінше, Ресей бірінші тоқсанда 55 тоннадан астам алтын сатып алған. Осылайша, федерацияның алтын қоры 2188 тоннадан асты. Ал былтыр Ресей 274 тонна алтын алған.
Кеңес есебіне сүйенсек, алтын сатып алушылардың қатарында Қазақстан, Түркия, Үндістан мемлекеттері бар. Сонымен қатар Қытай, Эквадор, Катар және Колумбия елдері де өздерінің алтын қорын толықтырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу