Ресей ЕАЭО-та Қазақстанның көшбасшы екенін мойындады

944

Ресей ЕАЭО-та Қазақстанның көшбасшы екенін мойындады

Еуразиялық экономикалық одақта Қазақстанның көшбасшылығын Ресей мойындайды. Оған ресми Астананың ұлттық экономикалық ахуалы мен геосаясаттағы ұстанымы кепілдік беріп отыр. Бүгін "Еуразия апталығы" халықаралық форумында Мәскеу тарапынан осындай мәлімдеме жасалды. Сондай-ақ, Қазақстан одақ аясында үшінші мемлекеттермен экспорттық байланыс орнатуда да алға шыққан. Жиынның пленарлық сессиясын ашқан премьер-министр Бақытжан Сағынтаев биыл Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде сауда-саттықтың 28%-ға артқанын да айта кетті. Бұл - Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армения арасындағы интеграцияның жаңа талапқа инкемделгенінің айғағы дейді ол. 4 күнге жалғасатын шарада экспорт сегменті бойынша 13 ірі келісім жасалуы тиіс.

Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министр:

"Бұл жерде Одаққа мүше елдердің ұлттық экономикасы жаңа талапқа икемделе бастағанын айта кеткім келеді. Жыл басынан бері Еуразиялық экономикалық құрылым аясында біршама өсім бар. Мәселен, жалпы ішкі өнім 0,8% артқан. Ал өндіріс саласы тіптен 2,7% жоғарлаған. Ең бастысы одаққа мүше елдердің сырттан капитал тарту мен сауда саттық көлемі 28%ға өсті. Мұнымен шектелмеу керек".

Жалпы "Еуразия апталығы" осымен 2-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Оған Еуразиялық экономикалық одақпен әріптес 42 елден 2 мыңға жуық делегат келген. Басым бөлігі бизнес-қауымдастықтың өкілдері. Қазақстан атынан 80-ге тарта эскпорттық компания қатысып жатыр. Сондай-ақ, жиында Бірыңғай сандық жүйге көшу мәселесі де кеңінен талқылануда. Жоспарға сәйкес, 5 мемлекет 2018 жылдан бастап, ортақ ақпараттар қорымен жұмыс істеуі тиіс. Қазір кибершабуылдардан қорғану тетіктері күшейтілу үстінде.

Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

"Сандық экономика туралы сөз болған кезде барлық елдің трансформациядан өтуі керектігі айталады. Әрине, дұрыс. Бірақ мұнда бір сұрақ бар. Ол: "Егер әр мемлекет жеке сандық жүйеге көшуді қалайтын болса, онда кейін қиындықтар туындауы мүмкін емес пе?", - деген. Сондықтан одақ аясындай бірыңғай жүйесінің қалыптасқанын қалаймыз. Оның талаптары бекітіліп отыр. Бұл жерде қауіпсіздік шарасын бекіту бірінші кезекте".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу