Ресей еліміздің үш қаласында ЖЭО салады: Тарифтерді кім белгілейтіні белгілі болды

198

Бұл станциялар "Самұрық-Энерго" компаниясының құзырында болады.

Ресей еліміздің үш қаласында ЖЭО салады: Тарифтерді кім белгілейтіні белгілі болды Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов елімізде Ресей салатын үш жылу электр орталығының тарифін қай тарап белгілейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство өкілі жылу тарифтерін Ресей белгілейді деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Үш жылу орталығын салуға үкіметаралық келісім бар, жұмыстар жасалып жатыр. Тапсырыс беруші – "Самұрық-Энерго" компаниясы. Ресей тарапы бұл станцияларды тек мердігер ретінде салады. Одан кейін станциялар "Самұрық-Энерго" компаниясының құзыретіне беріледі. Орталықтардың құрылысы біткен соң ғана тариф бекітіліп, инвестицияларды қайтару басталады", – деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында. 

Айта кету керек, осыған дейін Ресей еліміздің үш қаласында ЖЭО салатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу