Ресей Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне бей-жай қарамайды – Рябков

599

НАТО-ның жалпы конфигурациясы өзгергеннен кейін, Ресей өз қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететініне қатысты шешім қабылдайды.

Ресей Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне бей-жай қарамайды – Рябков Фото: rbc.ru

Ресей Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне бей-жай қарамайды, бұған қатысты шара қабылдайды. РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әскери шиеленістің ушығуда, алда не болатынын болжау қиынға соғуда. Өкінішке қарай, қазір жағдайда парасатты пайымнан гөрі фантомдық идеялар басым болып тұр", – деді дипломат.

Рябков Швеция мен Финляндия басшылығының НАТО-ға кіру туралы шешімі қателік деп санайтынын мәлім етті.

Оның айтуынша, НАТО-ның жалпы конфигурациясы өзгергеннен кейін, Ресей өз қауіпсіздігіне қатысты шешім қабылдайды. Мәскеудің шешімі екі елдің одаққа қосылуының салдарына байланысты болады. 

Бұған дейін Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіретінін ресми түрде жариялаған болатын. Олар одаққа қосылу туралы өтінішті бір күнде тапсырады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу