Финляндия НАТО-ға кіру туралы шешім қабылдады

641

Жексенбі, 15 маусымда Финляндия НАТО-ға мүшелікке өтініш беру туралы ресми түрде шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Финляндия НАТО-ға кіру туралы шешім қабылдады

Мұндай шешім президент пен сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі үкіметтік комитеттің бірлескен отырысында қабылданды.

Дүйсенбіде бұл мәселе Парламентте талқыланады және сейсенбіде дауыс беріледі деп жоспарланып отыр.

БАҚ мәліметінше, өтінім сәрсенбіде НАТО-ға жіберіледі.

"Бүгін президент пен Үкіметтің сыртқы саясат жөніндегі қорғаныс комитеті НАТО-ға мүшелікке өтініш беру туралы шешім қабылдады. Бұл – тарихи күн. Жаңа дәуір басталады", - деді Финляндия президенті Саули Ниинистё баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Украинадағы жағдай осындай шешім қабылдауға түрткі болған. Ол Финляндияның НАТО-ға кіру туралы мәлімдемесі ешкімге қарсы бағытталмағанын атап өтті.

"Қауіпсіздік – бұл ойын емес. Финляндияның қауіпсіздігі барынша жоғары болған кезде, ол ешкімге тәуелді болмайды", - деді президент.

Саули Ниинистё Финляндия қоғамы НАТО-ға кіруді қолдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Финляндия президенті мен премьер-министрі елдің НАТО-ға кіруін қолдайтынын мәлімдеген. Ал Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне қарсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу