"Түркия азаматтарының басым бөлігі осы екі елдің НАТО-ға кіруіне қарсы. Бізден адамдар олардың ұйымға кіруіне тосқауыл қоюын сұрайды", - деді Мевлют Чавушоғлы Берлинде өткен НАТО СІМ басшыларының кездесуінде журналистерге.
Сыртқы істер министрінің айтуынша, Анкара НАТО-да күрт экстремистерін қолдайтын елдердің болуына қарсы.
"Бізге бұл туралы одақтастармен және осы екі елмен сөйлесуіміз керек", - деді министр.
Айта кетейік, бүгінде НАТО құрамында 30 мемлекет бар.