Ресей Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары ұсталды

270

Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Ресей Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары ұсталды Фото: Сергей Бобылев / ТАСС

Ресей Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары запастағы армия генералы Павел Попов ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

"Тергеу мәліметтері бойынша 2021-2024 жылдары Попов "Патриот" саябағының дамуына, қызмет көрсетуіне және жұмысына жауап бере отырып, осы мекеменің есебінен байыды, саябақтың директоры Вячеслав Ахмедовпен және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің инновациялық даму Бас басқармасы бастығының орынбасары Владимир Шестеровпен бірлесіп әрекет етті, олар осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Павел Попов және оның сыбайластары "Патриоттың" қызметі мен жұмысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Попов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін 2013 жылдан бастап 2024 жылға дейін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу