Ресей ластанған мұнай үшін Қазақстанға 76 миллион доллар көлемінде өтемақы төлейді

1322

"Қазтрансойл" компаниясы "Транснефть"-пен осындай уағдаластыққа қол жеткізді.

Ресей ластанған мұнай үшін Қазақстанға 76 миллион доллар көлемінде өтемақы төлейді

"Транснефть" компаниясы "Қазтрансойл"-ға баррелі 15 доллар тұратын ластанған мұнай үшін өтемақы төлейді.

Reuters-тің хабарлауынша, өтемақының жалпы сомасы – 76 млн доллар. Бұл шикізат сапасының жоғалуы, сақтау шығындарын толтыру үшін көзделген сома. "Қазтрансойл" компаниясы "Транснефть"-пен осындай уағдаластыққа қол жеткізді.

"Мамыр айының басында Самарада шамамен 600 000 тонна мұнай өткіздік, сосын тура сол көлемді Усть-Лугада зиянды қоспалар қосылған күйінде алдық", ­– деді қазақстандық компания өкілі.

Бұған дейін "Дружба" құбыры арқылы тасымалданған мұнайдың 600 мың тоннасы ластанғаны хабарланған еді. "Дружбаға" дейінгі Қазақстан дәлізінен мұнай таза шыққан. Осыған байланысты Қазақстан Ресейдің "Транснефть" компаниясынан өтемақы талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу