Ресейде бидай неге қымбаттап жатыр?

702

Сібірде бидай бағасының күрт өсуіне Қазақстан тарапынан жоғары сұраныс әсер еткен. Бұл туралы "ПроЗерно" компаниясының бас директоры Владимир Петриченко айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттіне сілтеме жасап.

Ресейде бидай неге қымбаттап жатыр?

Сібірде бір аптада үшінші сұрыпты бидай 335 рубльге (2002 теңге), 1 тоннасы 17 000 рубльге (101 571 теңге), төртінші сұрыпты бидай 315 рубльге (1882 теңге), 1 тоннасы 16 117 рубльге (96 295 теңге) қымбаттаған.

"Мұндай өсім Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінде бидайға жоғары сұраныстың болуымен байланысты", - деді Владимир Петриченко.

Сондай-ақ ол Қазақстан және ЕАЭО-ға мүше елдерге астық жеткізу кезінде экспорттық баж салығы салынбайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, биыл бұл елдерде құрғақшылық салдарынан бидай аз жиналған. Владимир Петриченко жақын уақытта Сібірде бидай бағасының өсуі жалағасады деген пікірде.

"Баға елдің еуропалық бөлігіндегі көрсеткішке жетіп, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін", - деді бас директор.

Компания дерегінше, 29 қазанға дейін Ресейдің еуропалық бөлігінде үшінші сұрыпты бидайдың орташа бағасы 65 рубль (388 теңге), 1 тоннасы 17 330 рубльге дейін (103 543 теңге) (EXW, ҚҚС 10%), төртінші сұрыпты бидайдың бағасы 115 рубль (687 теңге), 1 тоннасы 16 855 рубльге (100 705 теңге) өскен.

Владимир Петриченко бүгінде Ресейде ең қымбат бидай Оралда екенін атап өтті.

Бір аптада үшінші сұрыпты бидайдың 1 тоннасы 18 275 рубльден (109 190 теңге) 18 338 рубльге (109 5656 теңге) дейін, төртінші сұрыпты бидайдың 1 тоннасы 17 413 рубльден (104 039 теңге) 17 675 рубльге (105 605 теңге) дейін қымбаттаған.

Сондай-ақ "Россельхознадзор" Қазақстанға астық экспорттау кезінде заңбұзушылықтарды анықтап, жеткізілімдерге бақылауды күшейтуге ниетті. Мәселе ЕАЭО аумағында қолданыстағы техникалық регламенттердің талабына сәйкес келмейтін фитосанитариялық сертификатсыз астыққа байланысты. Биыл 9 айда осындай 466 заңбұзу дерегі анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу