Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ынтымақтастық шеңберінде қылмыскерлерді іздеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Жыл басынан өңір аумағында РФ-ның шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер анықталып, ұсталды. Олардың көбісі Омбы облысында қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Солтүстікқазақстандық полицейлер анықтаған үш қылмыскерге Калининград, Челябі, Владимир облыстарында іздеу жарияланған. Ресейлік жедел уәкілдер іздестірген екі солтүстікқазақстандық заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп күдіктелуде. Петропавл қаласында анықталған 42 жастағы ер адам шекараны заңсыз кетіп өткені үшін ресейлік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарына іліккен. Ал 26 жастағы солтүстікқазақстандық есірткі қылмыстарын жасағаны үшін Омбы облысының жедел уәкілдерімен іздестіріліпті. СҚО аумағында анықталған адамдар ауыр дене жарақаттарын келтіру, билік өкіліне қатысты күш қолдану, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, өлтіремін деп қорқыту жасағандары үшін іздестірілген.
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, заңнамамен қарастырылған рәсімдерді жүргізді. Кейін қажетті мәліметтер ресейлік әріптестерге жіберілген.