Биыл Солтүстік Қазақстан облысында Ресейде іздеуде жүрген 24 қылмыскер ұсталды. Олардың арасында аса ауыр қылмыс жасағандар да бар, деп хабарлайды 24.kz.
Сонымен қатар ауылдардың бірінде Омбыда ұрлық жасап, екі жылдан бері бой тасалап жүрген қарақшы қолға түсті. Өз кезегінде түмендік полицейлер көлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы үйлестіру тобының кезекті отырысында айтылды.
Жиынға Солтүстік Қазақстан мен көрші Қорған, Түмен, Омбы облыстарының тәртіп сақшылары қатысты. Тараптар қылмыскерлерді іздестіру, көлік ұрлығы бойынша бірлесе әрекет ету бойынша пікір алмасып, 2019 жылға арналған маңызды құжаттарға қол қойды.
"Жедел криминалистік салалар бойынша да әріптестік орнатылған. Мәселен, биылғы жылы СҚО-дан РФ-ға 750 саусақ ізі жолданды. Оның ішінде 68-і дактокарталар. Ал РФ-дан біздің облысқа тексеру үшін 600 саусақ ізі келді", – дейді облыстық ПД бөлім бастығы Алтынбек Тиыштыбаев.