Ресейде қазақ мектептері пайда бола ма – Оқу-ағарту министрлігінің жауабы

1515

Қол жеткізілген уағдаластықтардың қорытындысы бойынша, мектептердің саны мен олардың екі елде орналасуы анықталады деп күтілуде. 

Ресейде қазақ мектептері пайда бола ма – Оқу-ағарту министрлігінің жауабы Фото: freepik

Оқу-ағарту министрлігінде Қазақстанда орыс тілді мектептер салу жоспары туралы хабарланды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінгі таңда, министрлік Қазақстан Республикасында орыс тілінде оқытатын мектептер мен Ресей Федерациясында тепе-тең негізде қазақ тілінде оқытатын мектептер салу мәселесін талқылап жатыр. Қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижелері бойынша, мектептердің саны мен олардың екі елдің аумағында орналасуы анықталады деп күтілуде", - деп мәлімдеді министрлік редакцияның ресми сауалына жауап ретінде.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту сапасын арттыру, оны пайдалану және дамыту білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі екені атап өтілді.

"Жалпы, республика бойынша қазақ ұлтының 84%-ы ана тілінде білім алады. Сондай-ақ, басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілінде білім алуға деген қызығушылығы артып келеді (қазақ тілінде оқытатын сыныптарда басқа ұлт өкілдерінің 53 мыңнан астам баласы білім алады)", - делінген жауапта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу