Ресей өңірлерінде өазақ тілін үйренуге сұраныс артып келеді. Бұл туралы 24.kz портал хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басылымның мәліметінше, Түмен облысында ресми деректер бойынша қырық мыңға жуық қазақ тұрады. Облыстың бірнеше аудандарында қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылатын мектептер бар. Қазақ сыныптары толы. Ана тілін үйрену үшін ата-аналар көрші аудандардан балаларды тасымалдауға дайын.
Түмен қаласының тұрғыны Асқар Абылайұлының айтуынша, қазіргі уақытта қазақ тілін оқыту орталығына 100-ден астам оқушы келеді.
Қазақ тілін үйренуде түмендіктер алдынан екі проблемасы шығады: оқулықтар мен педагогтардың жетіспеушілігі. Оқулықтар мәселесін Алтай Республикасынан келген мұғалімдер шешуге көмектесті. Үш жыл бұрын олар Ресей Федерациясының Білім министрлігінде сертификатталған оқу-әдістемелік кешендерді жасады. Енді олардың оқулықтары бойынша орыс қазақтары ана тілін мектеп пәні ретінде оқи алады.
Тюмень қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өкілі Халел Омаровтың айтуынша, екінші мәселе оқытушыларда.
"Қазіргі уақытта мұғалімдер бар. Бұл Қазақстанға барған, оқыған адамдар. Олар қазір сертификатталған мұғалімдер, бірақ өте аз", - деді ол.
Алайда, таяу болашақта қазақ тілін үйренумен көбірек сыныптар ашуға болады деген үміт бар. Агенттіктің әңгімелесушілері атап өткендей, бұл үшін кадрлар даярлаудың бірлескен қазақстандық-ресейлік бағдарламасы қажет.