Ресейдің Владимир облысында Қазақстаннан шыққан жолаушылар автобусы мен пойыз соқтығысқан ірі жол апаты болды. Соңғы мәлімет бойынша, 19 адам қаза тапқан. Марқұмдардың 15-і Өзбекстан азаматы. Тағы біреуі Қазақстан азаматы. Сондай-ақ жарақат алған бір отандасымыз бар.
Ресей Төтенше жағдайлар қызметі қайғылы оқиғаның түнгі 3-тер шамасында болғанын мәлімдеп отыр. Орыс басылымдарының жазуынша, жол апаты болған Покров теміржол станциясынан жалпы 5 адам ауруханаға жеткізіліпті. Өзге де ақпараттар анықталып жатыр. Еліміздің Сыртқы істер министрілігі әлеуметтік парақшада Ресейдегі дипломаттардың жерлесімізге көмек көрсетіп жатқанын хабарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу