Ресейдің Самара облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 8 сәуір күні сағат түнгі 1:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Scania автобусының жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, Урал - Муханово тас жолының 26-шақырымында жолдан шығып, аударылып кеткен. Самара облысы жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының мәліметінше, жол апатынан екі жолаушы қаза тауып, он адам медициналық мекемеге жеткізілген.
Анықталғандай, Scania автобусы Қазақстанда тіркелген, ол Нижний Новгородқа Өзбекстан азаматтарын тасымалдаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу