Ресейде улы тұнбадан көз жұмғандар саны 74 адамға жетті

865

Ресейде улы тұнбадан көз жұмғандар саны 74 адамға жетті

Иркутскіде долана тұнбасынан уланып тағы екі адам көз жұмды. Сөйтіп қайтыс болғандардың ұзынсаны 74 адамға жетті, деп хабарлайды 24Хабар.

Қала ауруханаларында тағы 31 науқас жатыр. Төтенше жағдайға байланысты рейд жүргізген полиция жергілікті колледждің жертөлесінен 10 мың шөлмек тұнба тапқан. Оған қоса соңғы төрт күнде заңсыз айналымда жүрген 20 мың литр алкогольді өнім тәркіленді. Осы істерге қатысты 12 адам тұтқындалған.

Еске сала кетейік, Иркутскіде долана тұнбасынан улануға қатысты алғашқы дерек 17 желтоқсанда тіркелді. Сараптама қорытындысы тұнбаның құрамында адам өміріне аса қауіпті метил бар екенін көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу