Ресейде жол апатынан 9 адам мерт болды

1555

Жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты.

Ресейде жол апатынан 9 адам мерт болды

Ресейдің Ярослав облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, жолаушылар қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті денсаулық министрлігі 9 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Алдын ала ақпараттарға сүйенсек, автобуста 30 жолаушы болған. Оның 20-дан астамы зардап шеккен.

Жол апатына жүк көлігі кінәлі болуы мүмкін. Себебі фура қарсы жолаққа шығып кеткен. Қазір тергеу комитеті оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу