Ресейде жүк пойызымен соқтығысқан автобуста Қазақстан азаматтары бар

948

Ресейде жүк пойызымен соқтығысқан автобуста Қазақстан азаматтары бар

Ресейдің Саратов облысында қазақстандық жолаушылар мінген рейстік автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"17 қараша күні РФ Саратов облысының Озинки ауданындағы темір жол өтпесінде "Саратов-Орал" рейстік автобусы жүк пойызымен соқтығысты. Алдын ала ақпарат бойынша, автобуста 7 жолаушы болған, олардың бесеуі өзбекстандық, екеуі Қазақстан азаматтары", - деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Комитет өкілінің хабарлауынша, апаттан барлық жолаушылар зардап шеккен және 4 жолаушы қаза тапқан.

Еске сала кетсек, кеше кешке Қызылорда облысының Қармақшы ауданында екі автобус соқтығысып, 2 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі 1964 жылы дүниеге келген болса, екіншісі 1997 жылғы облыс тұрғыны. Сондай-ақ, 2011 жылғы бала Қармақшы аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенмен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу