Ресейдегі автобус апатында зардап шеккен өзбекстандықтар еліне жеткізілді

1086

Ресейдегі автобус апатында зардап шеккен өзбекстандықтар еліне жеткізілді

Өзбекстан қорғаныс министрлігінің әскери-көлік ұшағы 8 қазан күні таңертең Ресейдің Владимировский облысында болған жол-көлік апатында зардап шеккендерді және қаза тапқан азаматтардың мәйітін өз елдеріне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәскеу маңындағы Жуковскідегі Раменское әуеайлағынан ұшып шыққан Ил-76 ұшағының бортында 36 апатқа ұшыраған автобус жолаушысы және олардың 5 туысқаны болған. Ұшақ Термезге қонып, онда Сурхандарья облысының 22 тұрғыны мен 15 марқұмның денесі жеткізілді. Одан кейін ұшақ Ташкентке ұшып кетті. Бес жасар қыз бен зардап шеккен үш адам Владимировский облыстық ауруханада қалды. Олардың жағдайлары жақсарғаннан кейін ғана Өзбекстанға қайтарылады.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус жол апатына ұшырағаны туралы бұған дейін хабарлаған едік. Владимир облыстық ТЖМ-ның мәліметтеріне сүйенсек, апатқа ұшыраған автобуста 55 Өзбекстан азаматы және 2 жүргізушісі қазақстандық болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу